Атырау облысы Махамбет ауданының әкімі Ринат Джанглишов суға батып кетті.
Басылым мәліметінше, қайғылы оқиға Махамбет ауданы Ортақшыл ауылында 31 шілдеде болған. Ринат Джанглишов Жайық өзенінде шомылуға арналмаған орында суға түскен. Оның жанында басқа адамдардың болған-болмағаны белгісіз. Басылым мәйіттің әлі табылмағанын мәлімдеді.