Атырау облысы мен Ресей шекарасындағы өзен жағасында қамыс өртенді

149

Атырау облысының Ресеймен шекарасындағы Қиғаш өзенінің жағалауында қамыс өртенді деп хабарлады turkystan.kz.

Қиғаш өзені Атырау облысының Құрманғазы ауданында Ресей Федерациясымен шекарада орналасқан.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, қамыс өрті кеше, 26 наурызда тұтанған.

«Құрманғазы ауданындағы Бірлік ауылынан 20 шақырым қашықтықта орналасқан Қиғаш өзенінің жағалауында қамыс өртенді. Бұл туралы жергілікті уақытпен сағат 16:55-те хабар түсті. Қамыс өрті 30 гектар аумақты шарпыды. Төтенше жағдайлар департаменті және Құрманғазы аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі қызметкерлерінің күшімен 21 гектардың қамыс өрті сөндірілді. Ал, 9 гектар аумақтағы жалын өздігінен өшті», -деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

photo

Қамыс өрті кеше, 26 наурызда түнгі сағат 21:30-да толық сөндірілді. Өртті сөндіруге Атырау облыстық ТЖД мен Құрманғазы аудандық ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау мекемесінен 31 қызметкер, 1 техника, 5 мотопомпа, 4 қайық тартылған.

https://turkystan.kz/article/218117-atyrau-oblysy-men-resey-shekarasyndagy-ozen-zhagasynda-kamys-ortendi/

Leave A Reply

Your email address will not be published.