Атқарылатын жұмыстар мен шағын және орта бизнестің дамуы талқыланды

114
Ауылдық округ әкімдерін қабылдап, 2022 жылы атқарған жұмыстары мен бекітілген индикаторлық көрсеткіштердің орындалуын тыңдадым.
Округ әкімдерінің 2023 жылға ауыл халқының тұрмыс-тіршілігін арттыру, ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлерді ұйымдастыра отырып, шағын инвестициялық жобаларды іске асыру бағытындағы атқарылатын жұмыстарын пысықтадық.
Сонымен қатар, 2023 жылғы индикаторлық көрсеткіштердің жоспарымен танысып, бірқатар тапсырмалар бердім.
Басты назарға қойылған тапсырмалар:
— Ауыл тұрғындарының көкөніс, картоп, бақша дақылдарын өсіруі;
— Ауылдың әлеуетіне сәйкес, тұрғындардың бейіміне сәйкес шағын жобаларды іске асыру;
— Ауылдық округтерге жалпы бірдей 4 міндеттелген жобаларды (алма, жеміс бақтары, отбасылық жылыжайлар, шағын тауық өсіру фермасы және сүт жинақтап, сүт өңдеу кәсіпорындарына өткізу) іске асыру;
— Мемлекеттік қолдау шаралары, несие алу арқылы шаруашылықтардың жұмысын дамыту;
Осы тапсырмаларды іске асыру арқылы жететін нәтижелерді талдадық.
Мысалы, ауданның өндірілген өнім көлемінің артуы, азық-түлік тауарларының жекеленген түрлері бойынша келетін импорт көлемін азайту, жергілікті өнімдерді ауыл тұрғындарының тұтынуы үшін дүкендерге шығару, шағын кәсіпкерлікті дамыта отырып, жұмыссыздар санын азайту.
Марат Сұлтанғалиев, Сарысу ауданының әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.