Атадан мал қалғанша, тал қалсын

51

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік орман қоры аумағында 2 миллиард түп ағаш егу, елдегі орман алаңын 500 мың гектарға ұлғайту және елді мекендер мен қалаларда 15 млн. астам ағаш отырғызу туралы тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі және Жамбыл облысы әкімдігі арасында 2021-2025 жылдары ормандарды молықтыру және молайту туралы кешенді жоспар бекітілген. Осы кешенді жоспар бойынша облыс аумағында 2025 жылға дейін 140,8 млн. ағаш егілуге тиіс.

Осыған орай Тараз қаласында «Жасыл желек – жердің көркі» жобасы аясында Желтоқсан көшесіне – 80 туя, Ы.Сүлейменов көшесіне – 200, Саңырық батыр көшесіне – 685, Мәмбет батыр көшесіне – 220, «Қызыл Абад» тұрғын алқабына – 15 000 қарағаш, сондай-ақ Қ.Сәтбаев көшесіне – 160 ясень, Кенесары көшесіне – 115 туя, «Біз біргеміз» монументінің маңына 70 шынар үйеңкісі отырғызылды.
Бұдан бөлек, биыл аталған жоба шеңберінде «Құмшағал», «Көлтоған» алқаптарындағы 20 гектар жерге 10 мың түп ағаш егілсе, қала ішінде 7 мыңнан аса көшет отырғызылған еді. Оның ішінде, өткен сенбілікте Мәмбет батыр көшесінің бойына, («Ауыл-Береке» базарынан Бурыл ауылына баратын жолға дейін) 500-ден аса қарағаш егілген болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.