Алматы полициясы төленбеген 81 айыппұлы бар жүргізушіні ұстады

86

Toyota жүргізушісі қысқа мерзімде 81 рет жол қозғалысы ережесін бұзған. Айыппұлдың жалпы сомасы 1 млн 029 мың 615 теңгені құрады.

«Бұл бұзушылықтар қалалық бейнежүйелер арқылы тіркелген. Жүргізуші көбінесе жылдамдықты бұзған. Ол «Қорғау – Қауіпті жүргізуші» автоматтандырылған жүйесі арқылы анықталды және ұсталды. Бұрын хабарланғандай, Алматы полициясы жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдаланатын, көлік құралдарына арнайы дабыл беру құрылғыларын орнатқан, көлік құралдарын мас күйінде басқарған және төленбеген айыппұлдары бар, бір сөзбен айтқанда, қауіпті жүргізушілерді анықтап, жауапкершілікке тарту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізіп жатыр», – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.

Спикердің айтуынша, жақында Алматы жолдарында шетелде тіркелген Honda автокөлігі ұсталды. Оның жүргізушісі 800 мың теңгеден астам сомаға құқықбұзушылық жасаған. Екі көлік те арнайы айыппұл тұрағына орналастырылды.

 

https://turkystan.kz/article/236080-almaty-policiyasy-t-lenbegen-81-ayypp-ly-bar-zh-rgizushini-stady

Leave A Reply

Your email address will not be published.