Астанада жеке тұрғын үй өртеніп, төрт бала көз жұмды

26

Елордада жеке тұрғын үйден өрт шығып, төрт бала ажал құшты.

Тілсіз жау сөндірілді. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Бүгін таңертең Астанада екі қабатты жеке тұрғын үйде шатыр жартылай құлап, өрт болды. Құтқарушылар хабарлама келіп түскеннен кейін өрт орнына 6 минутта жетті. Өрт алдын ала 500 шаршы метр алаңда оқшауланып, толығымен сөндірілді. Өрт салдарынан 2011, 2015, 2021 және 2022 жылы туған төрт бала қаза тапты», — делінген хабарламада.

Қазір өрттің себебі анықталуда. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

«Оқиға орнында өрт зерттеу зертханасы жұмыс істеуде, қаза тапқандардың жақындарына Апаттар медицинасы орталығының және Астана қаласы ТЖД психологтары көмек көрсетіп жатыр», — дейді төтенше жағдайлар департаменті.

Фото: Астана ТЖД

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.