Фото: astanatv.kz
ҰБТ-дан 140 балл жинаған Р.Қошқарбаев атындағы Қосшы мектебінің оқушысы Ержанова Айымға «Zerdeli» ақыл-ой дамыту орталығының атынан 5 миллион теңге және iPhone 15 телефоны сыйлыққа берілді.
Ал ҰБТ-дан 139 балл жинаған Ақнұр Утеқұл мен 137 балл жинаған Мардан Куншыгаровға iPhone 15 телефоны мен Дубайға жолдама табысталды. Соныме қатар тестілеуде 130-дан жоғары ұпай жинаған бірнеше оқушы 50 мың теңгенің сертификаты және Дубайға жолдама ұтып алды.
400-ге жуық оқушының ҰБТ нәтижелері жойылды
«Білмге құштар жақсы орта таптым, бірге дайындалдым. Телефоннан алшақтап, кітапқа көңіл бөлдім. Уақытымды тиміді пайдалануға тырыстым. Ата-анамның үмітін ақтағаныма қуанып тұрмын. Осы орталыққа 10 сыныптан бастап келіп, дайындалып жүрмін. Дүниежүзі тарихы және ағылшын тілі пәндерін таңдадым. Осы орайда ата-анама және ұстаздарыма алғыс айтамын. Алла қаласа Еуразия ұлттық университетінен екі шет тілі мамандығын таңдап отырмын», – дейді Айым Ержанова.
Еске салсақ, бұған дейін алматылық түлектің үш жылда алғаш рет ҰБТ-дан 140 балл жинағаны туралы жазған едік.
https://stan.kz/astanada-ybt-dan-140-ball-zhinagan-okushiga-5-million-t-402567/