Астанада педагогикалық институт салынады – Көлгінов Photo of Анель Жарылғасын Анель Жарылғасын29.09.2022 / 22:45 3 Көлгінов Астана әкімі Алтай Көлгінов елорда атауы өгертілгеннен кейін алғаш рет Azattyq Rýhy сайтына сұхбат берді. Ол қаланың инфрақұрылымына түсетін жүктеме ауыр екенін айтып, саладағы бірқатар өзекті проблеманы атап өтті деп хабарлады turkystan.kz. Елордада мектеп пен балабақшаның жетіспеушілігі күнтәртібінде тұр. 10 жыл бұрын елордадағы мектеп жасындағы балалар саны 70 мың шамасында болса, бүгінде 230 мыңнан асады. Биыл мамырда 8 мың түлек білім ордасын бітірсе, қыркүйекте 25 мың оқушы мектеп табалдырығын аттаған. «2019 жылы – 6, 2020 жылы – 11, былтыр 15 мектеп салып, 70 мың орынмен қамтыдық. Биыл тағы 15 мектептің құрылысы жүріп жатыр, оның 11-ін аяқтап қаламыз. Соның өзінде, мектеп жетпейді. Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында балаларды ыңғайлы мектеппен қамтамасыз етуді тапсырды. Қазіргі таңда ірі көлемді 20 мектептің жобасын дайындап жатырмыз. Бұл білім ордалары 2 мың оқушыға есептелген, екі ауысыммен оқытатын болсақ, 80 мың орынмен қамтимыз. Бұл мектептердің құрылысы 2023 жылы басталады. Сондай-ақ, қаланың бас жоспарына түзетулер енгіздік: жаңадан салынып жатқан әрбір аудан мен кварталда мектеп, балабақша және тағы басқа әлеуметтік нысандар салынады, 70 мектепке жер бөліп қойдық», – деді қала басшысы. Әкімнің айтуынша, жаңадан салынатын мектептерде мұғалім жетіспеушілігі болмас үшін кадр дайындау мәселесіне ден қойылуда. Елордада педагогикалық институт салынады. Бұған қомақты қаражат кетеді. Университет салуға ниет білдіріп отырған инвесторлар бар, ал әкімдік инфрақұрылым жасауға көмектесетін болады. Үкімет те жобасын бекітіп қойған.

185

Астана әкімі Алтай Көлгінов елорда атауы өгертілгеннен кейін алғаш рет Azattyq Rýhy сайтына сұхбат берді. Ол қаланың инфрақұрылымына түсетін жүктеме ауыр екенін айтып, саладағы бірқатар өзекті проблеманы атап өтті деп хабарлады turkystan.kz.

Елордада мектеп пен балабақшаның жетіспеушілігі күнтәртібінде тұр. 10 жыл бұрын елордадағы мектеп жасындағы балалар саны 70 мың шамасында болса, бүгінде 230 мыңнан асады. Биыл мамырда 8 мың түлек білім ордасын бітірсе, қыркүйекте 25 мың оқушы мектеп табалдырығын аттаған.

«2019 жылы – 6, 2020 жылы – 11, былтыр 15 мектеп салып, 70 мың орынмен қамтыдық. Биыл тағы 15 мектептің құрылысы жүріп жатыр, оның 11-ін аяқтап қаламыз. Соның өзінде, мектеп жетпейді. Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында балаларды ыңғайлы мектеппен қамтамасыз етуді тапсырды. Қазіргі таңда ірі көлемді 20 мектептің жобасын дайындап жатырмыз. Бұл білім ордалары 2 мың оқушыға есептелген, екі ауысыммен оқытатын болсақ, 80 мың орынмен қамтимыз. Бұл мектептердің құрылысы 2023 жылы басталады. Сондай-ақ, қаланың бас жоспарына түзетулер енгіздік: жаңадан салынып жатқан әрбір аудан мен кварталда мектеп, балабақша және тағы басқа әлеуметтік нысандар салынады, 70 мектепке жер бөліп қойдық», – деді қала басшысы.

Әкімнің айтуынша, жаңадан салынатын мектептерде мұғалім жетіспеушілігі болмас үшін кадр дайындау мәселесіне ден қойылуда. Елордада педагогикалық институт салынады. Бұған қомақты қаражат кетеді. Университет салуға ниет білдіріп отырған инвесторлар бар, ал әкімдік инфрақұрылым жасауға көмектесетін болады. Үкімет те жобасын бекітіп қойған.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.