Астанада көктемгі дератизация жұмысы басталады

53

Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы көктемгі дератизация жұмысын өткізу басталады деп хабарлады turkystan.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Кеміргіштерді жою жөніндегі іс-шаралар жеке секторды және ашық аумақтарды (саябақтар, зираттар, өзен жағасы, су қоймалары мен каналдар) қамтитын болады.

Тұрғындар арнайы улы препараттарды тегін алады, сондай-ақ сол жерде қауіпсіздік жөнінде нұсқаулары өткізіледі. Мамандар тұрғын үйлерді 3 тур (дезинфекторлар жеке секторларға 3 рет кіреді) бойынша өңдейді. Оның барысында 28 мыңнан астам тұрғын үйді өңдеу жоспарланып отыр.

«Үй иелері сақтық шаралары туралы ұмытпау керек және улы препараттарды балалардың қолы жетпейтін жерлерде: жертөлелерге немесе үйдің төбесіне орналастыру керек», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ дератизация ашық алаңдарда жүргізілетін болады. Улы препараттарды орнату өзендердің, каналдардың, су айдындарының маңында, зираттарда, саябақтарда жүргізіледі. Өңделетін ашық аумақтардың ауданы 3264 гектарды құрайды.

Дератизация ҚР-да қолдануға рұқсат етілген құрамында бромадиолон және бродефор препараттарын қамтитын дән түріндегі улы препараттарды пайдалана отырып жүргізіледі.

Мұндай шаралар кеміргіштер санын азайту және аса қауіпті жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау үшін қажет.

https://turkystan.kz/article/219097-astanada-koktemgi-deratizatsiya-zhumysy-bastalady/

Leave A Reply

Your email address will not be published.