Астанада Каспий банкінің ғимаратында ер адам мекемеге келушілермен бірге ішінен есікті құлыптап алған туралы хабарлама келіп түсті деп хабарлады turkystan.kz Qazaqstan ұлттық телеарнасына сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам қарулы. Оқиға орнында полиция қызметкерлері ер адаммен келіссөз жүргізіп жатыр.
Тәртіп сақшылары елорда тұрғындарынан сабыр сақтап, құзыры органдардың өз жұмысын жүргізуге мүмкіндік берудi сұрайды.