Полицияның мәліметінше, ол алаяқтық туралы іс бойынша аса ірі мөлшерде күдікті деп танылған.
«Алматы қаласы ПД тергеу басқармасы тұрғын үй кешендерінің бірінің үлескерлерінің ұжымдық өтініші бойынша аса ірі мөлшердегі алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Азамат А. күдікті деп танылды. Ол Астана қаласында ұсталды», — делінген ведомствоның баспасөз қызметінің хабарламасында.
Күдікті ҚР ҚІЖК-нің 128-бабының тәртібімен Астана ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Еске салайық, Алмас Әбдіғаппаровтың өзі 2022 жылдың жазында Алматыда сотталды. Ол сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі мөлшерде ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды және қаржы ұйымдарында бес жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Фото: ©️ Instagram/olga_abdygapparova
https://massaget.kz/news/astanada-kaspker-almas-abdgapparovtyin-ayel-ustaldyi-125201/?fbclid=IwY2xjawIUFyVleHRuA2FlbQIxMQABHaybvO9HpwfgVvHEcaVC60yYxBTZpbHvf5qsen-0bVlmCYrejB8CjdsGdA_aem_ffUZWs0NUQmSkS0Edajc1Q