Астанада жолаушылар автобустың ішіне ішкиімдерін жайған. CTS компаниясы бұл оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлады turkystan.kz.
CTS Көлік бақылау департаментінің қызметкерлері оқиғаның №21 автобуста болғанын анықтады.
Мән-жайды нақтылау үшін автобус салонындағы камералардан бейнематериалдар алынды. Бейнежазбаны қарау кезінде кешкі сағат 20:29-да «Астана саябағы» аялдамасынан отырған жолаушылар автобус салонында асығыс жіп тартып, киімдерді іле бастаған. Келесі Аiland аялдамасына жеткенде ілінген жіп пен заттарын жинап, автобустан шығып кеткен. Олардың бірі және кейбір жолаушылар салонда болып жатқан жайтты ұялы телефондарына түсірген, – делінген компания хабарламасында.
CTS тиісті шара қолдану үшін видеоны Астана қаласының Полиция департаментіне жолдаған.