Астанада 4-5 тамыз күндері Жамбыл облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

538

Астана қаласының 20 жылдығына орай 4-5 тамыз күндері Астана қаласындағы «Қазақстан» СК алаңында өтетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрме-жәрмеңкесіне Жамбыл облысы мен Тараз қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері келеді, – деп хабарлайды «ARAINEWS» ақпарат агенттігі 24.kz  сайтына сілтеме жасап.

Жәрмеңкеде жалпы құны 121,6 млн теңгені құрайтын 365,7 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылуда. Атап айтқанда, 30 тонна ет (жылқы, сиыр, қой және тауық еті), 19 тонна сүт өнімдері, 5 тонна шұжық өнімдері, 5 мың дана жұмыртқа, 5 тонна қарақұмық, 5 тонна күріш, 20 тонна қант, 6 тонна өсімдік майы, 5 тонна балық, 2,5 тонна бал, 1,5 тонна кондитерлік өнімдер мен 2 тонна макарон өнімдері, 0,5 тонна тұз, 2 тонна кептірілген жеміс және 257,2 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері.

Аталған жәрмеңке облыстың тауар өндірушілеріне өз тауарларын делдалсыз, тікелей тұтынушыларға сатуға мүмкіндік береді. Жәрмеңкедегі тауарлар бағасы нарық бағасынан 10-20 пайыз төмен болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.