«Астана» Чемпиондар лигасында рекорд орнатты

69

Қазақстандық «Астана» мен Грузияның «Динамосы» (Тбилиси) арасындағы кездесу 2023/2024 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчтарының ішінде ең көп адам жиналған кездесу болды, деп хабарлады turkystan.kz  Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан астанасындағы «Астана Аренада» өткен ойынға 27 328 адам жиналды. Матчтың нәтижесі 1:1 есебімен тең аяқталды. 11-минутта алаң иелерінің шабуылшысы Абат Айымбетов «Астананы» алға шығарғанымен, 57-минутта Габриэль Сигуа есепті теңестірді.

Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінің бірінші раундының ең аз жанкүйер келген ойыны Гибралтардағы «Виктория» стадионында өткен «Линкольн» мен «Карабах» арасындағы кездесу болды. Бұл кездесуге бар болғаны 683 жанкүйер қатысты.

 

https://turkystan.kz/article/227888-astana-chempiondar-ligasynda-rekord-ornatty/

Leave A Reply

Your email address will not be published.