Астана-Бурабай бағытында ұлттық нақышта безендірілген пойыз жүреді

239

Наурыз мейрамына орай ұлттық нақышта безендірілген пойыз Астананы Щучье-Бурабай курорттық аймағымен байланыстыратын болады деп хабарлады turkystan.kz.

Наурыз мейрамы қарсаңында «Жолаушылар тасымалы» АҚ Астана – Бурабай курорты бағыты бойынша ұлттық нақышта безендірілген электр пойызын іске қосты.

Мерекелік құрам күн сайын бір ай бойы жүреді. Пойыз Астанадан Нұрлы жол (сағат 06:03 жөнелту) және Астана-1 (сағат 06:57 мин жөнелту) вокзалдарынан қатынайды.

«Жол бойында электр пойызы үш стансаға – Ақкөл, Елтай және Макинкаға аялдайды. Ал соңғы аялдамаға сағат 9:51-де жетеді. Жолаушылардың сапары жайлы болуы үшін вагондар ауа баптайтын қондырғылармен, биодәретханалармен жабдықталған», – делінген хабарламада.

Пойыз жолаушылары сапар барысында ойын-сауық контент пен пайдалы ақпаратпен жабдықталған vputi.kz мультимедиялық порталды пайдалана алады.

https://turkystan.kz/article/217639-astana-burabay-bagytynda-ulttyk-nakyshta-bezendirilgen-poyyz-zhuredi/

Leave A Reply

Your email address will not be published.