Ассамблея жастарының зияткерлік тимбилдингі өтті

46
Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Мәміле» клубының кезекті отырысы өтті. Жиын аясында «Қоғамдық келісім» КММ-нің ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімі викториналық тимбилдинг ұйымдастырды. Іс-шараға «Мәміле» клубының жастары мен қалалық жастар ресурстық орталығының белсенді жастары атсалысты.
Іс-шараның басты мақсаты – жастардың мемлекеттік рәміздерге деген құрметін арттыру, ел тарихы мен ұлттық құндылықтар туралы білімдерін нығайту, сондай-ақ командалық бірлікті қалыптастыру болды.
Тимбилдингке қатысушылардың білім деңгейі мен белсенділігін бағалаған қазылар алқасының құрамында «Жобаларды іске асыру және ҚХА құрылымдарымен жұмыс» бөлімінің бас сарапшысы Аққу Қаратаева және «Қоғамдық-мәдени көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру» бөлімінің жетекшісі Біржан Уксикбаев болды.
Клубтың кезекті кездесуі Аққу Қаратайқызының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған құттықтау сөзімен ашылды. Ол өз сөзінде мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның ел тәуелсіздігі мен бірлігінің айқын белгісі екенін атап өтіп, жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталды.
Достық үйінің алаңына жиналған клуб мүшелері жеребе тарту арқылы екі командаға бөлінді. Қазылар алқасының алғы сөзінен кейін қатысушылар мемлекеттік рәміздер тарихы, олардың авторлары мен маңызына қатысты сұрақтарға жауап беріп, түрлі танымдық әрі командалық тапсырмаларды орындады.
Жастар өздерінің білімдерімен қатар тапқырлықтарын, ұйымшылдықтарын және белсенділіктерін көрсетті. Шара барысында қатысушылар арасында достық қарым-қатынас нығайып, мемлекеттік рәміздерге деген құрметтің маңызы кеңінен насихатталды.
Жиын соңында белсенді қатысушылар марапатталып, ұйымдастырушылар жастарға алдағы уақытта да осындай тағылымды кездесулердің жалғасатынын жеткізді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.