Әскерден қашқандарға 3,5 миллион теңге айыппұл салынады

35

Мекежайы белгісіздерді әскери комиссариатқа полиция жеткізеді.

Қазақстанда енді әскерден қашқандарға 3,5 миллион теңге айыппұл салынып, қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскер қатарына шақырылған барлық азамат әскери комиссариатқа келуге міндетті. Қазір жүргізіліп жатқан күзгі науқанда Отан алдындағы борышын өтеуге тиіс азаматтарға шақыру қағазы хат түрінде және SMS-пен жолданып жатыр.

Олардың жұмыс пен оқу орындарына да хабарлама берілген. Ал шақыруды жеке өзіне тапсыру мүмкін емес азаматтар әскери комиссариатқа ішкі істер органдарының көмегімен жеткізіледі.

ФОТО АҚПАРАТ ОСЫ САЙТТАН АЛЫНДЫ. https://bai-bol.kz/

Leave A Reply

Your email address will not be published.