Асқар Мырзахметов «Тараз» футболшыларымен кездесті (ВИДЕО)

723

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов “Тараз” футбол клубының матчына қатысып, премьер-лигаға жолдама алған ұжымды жетістігімен құттықтап, келер маусымдағы ойындарына сәттілік тіледі.

Айта кетейік, Тараз қаласы Орталық стадионында “Тараз” футбол клубы мен “Ақтөбе-Жас” командалары арасында кездесу өткен болатын.

Екі команда арасында өткен тартысты ойын нәтижесінде 4:0 есебімен “Тараз” құрамасы жеңіске жетіп, Премьер-лигаға жолдама алды.

zhambylnews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.