Түрік халқының ұлттық ойындарының бірі ашыртмалы аба гюрешинен қазақстандық 3 спортшы финалға жолдама алып, алтын жүлдені сарапқа салды.
Өкінішке қарай, ақтық сында 3 отандық балуан қарсыластарынан жеңіліс тапты.
1. Ернұр Сүлеймен – күміс жүлде (60 келі)
2. Әділет Ахметғали – күміс жүлде (70 келі)
3. Айдос Ғалымов – күміс жүлде (90 келі)
Айта кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашыртмалы аба гюрешинен 19 мемлекеттен 74 спортшы бағын сынаған болатын.
https://turkystan.kz/article/248651-ashyrtmaly-aba-giureshinen-3-kazakstandyk-sportshy-kumis-zhulde-ielendi