Асар: Жамбылда 30-ыншы үй пайдалануға берілді

136
Қазақ халқының ертеден келе жатқан ізгі дәстүрлерінің бірі – асар. Жамбыл ауданында 2020 жылдан бастап «Асарлатып үй салу» жобасы аясында 29 үй пайдалануға берілген.
Жоба жалғасын тауып, бүгін Шайқорық ауылында Ләззат Токкулева 4 бөлмелі пәтердің иесі атанды.
Тұрғынның қуанышына ортақтасуға аудан әкімінің орынбасары Махпал Досымбекова, Жамбыл ауылдық округінің әкімі Бақыт Садырбаев, ауыл қариясы Орынбай Рысбаев және бірқатар қариялар қатысты.
Баспана кілтін тапсыру сәтінде сөз алған Махпал Сатыбалдықызы игі іске үлес қосқан барша азаматтарға алғысын білдірді.
Баспана иесі барша ауыл азаматтарға ризашылығын жеткізді.
Баспана газ желісімен, электр энергиясымен, жиһаздармен қамтамасыз етілген.

 

Жамбыл ауданы әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.