Қызылорда қаласының екі тұрғыны аса ірі мөлшерде есірткі сатқаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды Malim.kz.
Polisia.kz жазуынша, Қызылорда облысы полиция департаменті қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында сату мақсатында аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтаған Қызылорда қаласының 2 тұрғыны ұсталған.
Жүргізілген іс-шараның нәтижесінде күдіктілердің мекенжайларынан жалпы салмағы 1,4 келі есірткі тәркіленген. Сотқа дейінгі тергеп-тексерістің нәтижесінде қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша жинақталған барлық құжат пен дәлел сотқа жолданып, соттың үкімімен аталған күдікті тұлғалар 11 жылға сотталған.
Фото: polisia.kz
https://malim.kz/article/kukyk/asa-iri-kolemde-esirtki-satqan-eki-qyzylordalyqqa-zaza-kesildi-26879