«АрселорМиттал Теміртау» миллиардтаған айыппұл төлеуі мүмкін

160

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының қызметкерлері Экология, геология және табиғи рерсурстар министрлігінің тексерушілерін өз аумағына кіргізбеген деп хабарлады turkystan.kz.

Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасы Зулфухар Жолдасов аталған факті бойынша сот болып жатқанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, компанияға бірнеше миллиард теңге мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін.

«Біз бұл компанияны қоршаған ортаға тастайтын шығарындаларының көлемін азайтуға мәжбүрлейміз. Бұл істі кезең-кезеңімен іске асырып жатырмыз. Компания шығарынды көлемін 250 мыңнан 140 мың тоннаға дейін қысқартуы керек болған. Тексеруге кіргізбей, кедергі келтіргені үшін қазір сот болып жатыр», – деді комитет басшысы.

https://turkystan.kz/article/202705-arselormittal-temirtau-milliardtagan-ayyppul-toleui-mumkin/

Leave A Reply

Your email address will not be published.