Армения Парламенті таратылады

809

Армения Парламентіне депутаттық сайлаудың екінші кезеңінің қорытындылары бойынша ел премьер-министрі сайланған жоқ. Енді, Констицияға сәйкес, қазіргі Парламент таратылады. Мерзімінен бұрын парламенттік сайлау ағымдағы жылдың желтоқсан айында өткізіледі.

Парламентте премьер-министрді сайлауға қатысты дауыс берудің екінші кезеңі 1 қарашада өтеді.

1 қараша күні Арменияның Ұлттық жиналысының (Парламент) арнайы отырысында премьер-министрді сайлауға қатысты дауыс берудің екінші кезеңін өткізу мәселесі талқыланды.

Ондағы жалғыз кандидат — Армения премьер-министрінің міндеттерін атқарушы, «Елк» фракциясы, «Царукян» блогы және бірқатар тәуелсіз депутаттар ұсынған Никол Пашинян еді. Дауыс беру қорытындылары бойынша Пашинянның кандидатурасын ешкім қолдамады.

Премьер-министрді сайлаудың бірінші туры ағымдағы жылдың 24 қазанында өтті. Н.Пашинян онда да жалғыз кандидат болған. Дауыс беру алдында сөз сөйлеген Н.Пашинян депутаттарды оған дауыс бермеуге шақырып, оның кандидатурасын ұсыну тек техникалық сипатта өтіп жатқанымен түсіндірген. «Арменияның республикалық фракциясы», «Дашнакцутюн және «Царукян» блогы» АРФ дауыс берудің алдында оған қатыспайтынын мәлімдеді. «Елк» фракциясының депутаттары қалыс қалатынын мәлім еткен. Ақыры Пашинян үшін бір депутат дауыс берсе, 11-і қалыс қалып, қарсы ешкім дауыс берген жоқ.

Еске салсақ, 16 қазанда Армения үкіметі отставкаға кеткен еді.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.