Тараз қаласында әріптесін балағаттаған әскери бөлімнің қызметшісі қамауға алынып, гауптвахтаға жіберілді, деп хабарлайды Жамбыл облыстық сотының сайты.
Тараз қаласы мамандандырылған әкімшілік соты көшпелі сот отырысында Тараз қаласының 5513 әскери бөлімінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 652-бабы 1-бөлігімен, яғни әскери қызмет мiндеттерiн орындау кезінде бiр әскери қызметшi екiншi қызметшіні балағаттағын бойынша әкімшілік іс қаралды.
Әскери бөлімде әскери қызметші мерзімді әскери қызметкердің иығына иығы тиіп кеткені үшін әдепсіз сөздермен балағаттап, оның ар-намысына тиетін сөздер айтқан.
Алдағы уақытта Қазақстан Республикасының әскери қызмет саласындағы заңнамасын бұзуға жол бермеу мақсатында сот Тараз қаласының 5513 әскери бөліміне барып, әскери бөлімнің басшылығы мен әскери қызметшілердің қатысуымен сот процесін жүргізді.
Сот ҚР заңымен ратификацияланған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 9-бабының ережелерін басшылыққа алып, құқық бұзушыға қатысты әкімшілік қамауға алу жазасын қолдану қажет деп санады.
Сот қаулысымен әскери қызметші кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде Шымкент қаласы гарнизоны әскери полиция бөлімінің гауптвахтасына 5 (бес) тәулік мерзімге қамауға алынды. Қаулы заңды күшіне еңді.