«Қарты бар елдің – қазынасы бар» деген. Аға буын өкілдерінің айтқан әрбір ақылдары жас ұрпаққа өнеге. Олардың ел дамуына қосқан үлесі де аз емес.
Өткен жұма күні аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев ауданға еңбегі сіңген зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер кеңесінің мүшелерін қабылдады.
Жиын барысында аудан басшысы жиналған қауымға жүзеге асқан жұмыстар жайлы кеңінен айтып, алдағы жоспарлармен бөлісті.
Өз сөзінде «Өмірлік тәжірибесі бай, ауданымызға еңбегі сіңген аға – апаларымызбен бас қосып, ақыл – кеңестерін тыңдау біздің басты ұстанымымыз. Сіздердің ауданның өсіп – өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз зор. Біз сіздерден үлгі – өнеге ала отырып, тәжірибелеріңізді күнделікті өмірде пайдаланумыз керек. Ауданымыздың дамуы жолындағы күнделікті жұмыста, мәселелерді шешуде бізге ардагерлеріміздің пікірі, белсенділігі қажет», — деген аудан басшысы ардагерлердің ұсыныс – пікірлерін тыңдады.
Әр салада еңбек еткен ел ағалары кездесу барысында ауданның қоғамдық өміріне қатысты өзекті мәселелер жөнінде ой қозғап, бірқатар ұсыныстар айтты.
Сонымен қатар, аудан әкімі Марат Қырғызәліұлының аға буынға деген ықыласы мен құрметіне ризашылықтарын білдірді.
Сарысу ауданы әкімдігінің
баспасөз қызметі