АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН АУДАНДЫҚ СПАРТАКИАДА ӨТТІ

211
Ауданда ардагерлер арасында спорт түрлерінен жарыстар тұрақты ұйымдастырылып келеді.
Біздің спортсүйер аға – апаларымыздың жарысқа құлшыныспен келіп, қатысып жатқаны көңіл қуантады.
Өйткені, спорттық шаралар біріншіден, ардагерлерге күш-қуат берсе, екіншіден, жас ұрпаққа үлгі – өнеге.
Аға буын өкілдерінің салауатты өмір салтын қалыптастыруға белсене араласуы аудан тұрғындары мен жастарымыздың спортпен шұғылдануына үлкен бағыт – бағдар екендігі сөзсіз.
Бүгін Жаңатас қаласындағы спорт кешенінде аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Ардагерлерді қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу» әлеуметтік жобасы аясында және 6 шілде – елордамыз « Астананың 25 жылдығы» мерекесіне орай, ардагерлер арасында спорт түрлерінен аудандық спартакиада өтті.
Спартакиаданың ашылу салтанатына аудан әкімі Сәкен Мамытов арнайы қатысып, жиналғандарды мерекемен құттықтады. Жарысқа қатысушы ардагерлерге сәттілік тіледі.
Содан кейін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жанат Жұмаділдаев сөз алып, құттықтау лебізін білдірді.
Жарыс шахмат, дойбы, дартс сияқты ойын түрлерінен өтті.
Жарысқа Жаңатас қаласы және ауылдық округтерден 40-қа тарта аудан қариялары қатысты.
Тартысты өткен жарыстың жекелеген спорт түрлері бойынша жеңімпаздары мен жүлдегерлерін аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы өзі марапаттап, арнайы дайындалған дипломдармен, заттай сыйлықтарды табыс етті.

Сарысу ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.