Фото: https://www.instagram.com/kuralaiofficial/
Құралайдың айтуынша, ол балаларымен Дубай қаласындағы табиғаттың тосын әрекетінен бірнеше күн бойы қайта алмаған. Ал бейнежазбада дизайнердің анасы қызына қатты алаңдағанын айтады.
«Рас па, өтірік пе? Қазақстанның суынан қашып, Дубайдың суына бардың. Аман-есенсіңдер ме?! Ауырған жоқсыңдар ма?! Енді шет елге шықсаңдар, мені алып кетіңдер, қорғап жүремін. Дубайды көріп, сендерді уайымдап отырдым. Жерде қайықпен жүр, ұшақтар суда тұр. Қазақстаннан қашып, мына қыздың барған жерін қара. Не тындырдыңдар? Арабқа, бір шейхтың ұлына тұрмысқа шығып кетпеңдер. Мені кім алады деме, теңіңді тапсаң болды емес пе?», – деп әзілдеді анасы.
- «Қанышердің құрбаны болып кеттің»: Мақпал Жүнісова марқұм Заманбек Нұрқаділовті еске алды
- «Анам екеуміз ғана әкемнің жерлеуіне қатыстық»: Құралай Нұрқаділова әкесінің ақтық сапары туралы айтты
Желі қолданушылары қызы мен анасының әзіліне күліп, түрлі пікір жазып жатыр. Арасында анасын ұйғыр ұлтына ұқсатып жатқандар да бар.
«Өзінің жасына сай жарасымды киініпті”, “Көзін бояп алыпты, косметика жағатыны көрініп тұр”, “Анасы сұлу екен», «Анаңыз әлі де сымбатты екен», «Керемет, жарасымды», «Аман болыңыз», «Өте керемет ана екен», – деп жазды оқырман қауым.
Сондай-ақ Құралай Нұрқаділова анасына жылы лебіз білдірген желі қолданушыларына рақмет айтып, анасының бір күндік режимін айтып берді.
“Менің анам – өзінен күтімді аямайтын жандардың үлгісі. Қазақстандағы нөмері бірінші сәнқой әйел. Үнемі өзіне қарап жүреді. Косметолог мен маникюрге баруды анамнан үйрендім. Сол үшін ризамын. Қазір жасы 79-ға келді. Күн сайын 10 км жүреді. Біздің қолымызда отырғысы келмейді”, – деді дизайнер.
Еске салайық, Құралай Нұрқаділова әкесінің екінші некесіндегі қызымен қарым-қатынасы туралы ашық айтты.
https://stan.kz/arabka-kuyeuge-shigip-ketpender-kyralay-nyrkadilovanin-399308/