Аптап ыстық: Алдағы күндері ауа райы қандай болады

54
Аптап ыстық: Алдағы күндері ауа райы қандай болады
istockphoto]
https://turkystan.kz/article/260676-aptap-ystyq-aldagy-kunderi-aua-raiy-qandai-bolady

Синоптиктер 17-19 мамыр аралығында ел аумағында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Метеорологардың мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты осы демалыс күндері республика бойынша жаңбыр, найзағай, бұршақ, екпінді жел, дауыл күтіледі.

«17 мамырда Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, 17-18 мамырда Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында, 18 мамырда Ұлытау, Түркістан облыстарында, 18-19 мамырда Павлодар, Қарағанды, Алматы, Жетісу облыстарында, 19 мамырда Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Абай, Жамбыл облыстарында күшті жаңбыр мен бұршақ күтіледі», — делінген хабарламада.

Мамандардың болжамынша, 17-18 мамырда Батыс Қазақстан, 17 мамырда Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Бұдан бөлек, еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында шаңды дауыл, 17-18 мамырда батыс және солтүстік өңірлерде тұман күтіледі.

Ауа температурасы:

Батыс Қазақстанда күндіз +23…+32 градус шамасында;
Солтүстік-батыста түнде ауа температурасы +7…+15-тен +3…+10 градусқа дейін төмендесе, күндіз +15…+22-ден +18…+28 градусқа дейін көтеріледі;

Солтүстікте түнде +15…+20-дан +5…+10 градусқа дейін төмендеп, күндіз +26…+31 градус шамасында болады. Аймақтың солтүстігінде +16…+21-ден +10…+15 градусқа дейін төмендейді, 19 мамырдан бастап +17…+25 градусқа дейін көтеріледі;

Орталықта түнде +15…+22-ден +5…+13 градусқа дейін төмендейді. 17 мамырда күндіз +32…+37 градусқа дейін қатты ыстық болады. Аймақтың оңтүстігінде +40 градусқа дейін өте қатты ыстық күтіледі. 18 мамырдан бастап ауа температурасы +15…+20 градусқа дейін төмендейді.

Шығыста түнде ауа температурасы +15…+22 градус болса, күндіз 17-18 мамырда +32…+37 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Аймақтың оңтүстігінде термометр бағаны +40 градусқа дейін жетіп, аптап ыстық болады. 19 мамырда ауа температурасы +13…+18 градусқа дейін төмендейді.

Оңтүстікте түнде +18…+23-тен +10…+15 градусқа дейін төмендейді 17 мамырда күндіз +35…+43 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. 18 мамырдан бастап ауа температурасы +20…+28 градусқа дейін төмендейді.

Оңтүстік-шығыста 17 мамырда күндіз +32…+37 градусқа дейін қатты ыстық болады. Аймақтың оңтүстігінде термометр бағаны +40 градусқа дейін көтеріледі. 18 мамырдан бастап +20…+25 градусқа дейін төмендейді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.