АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ

106

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен аудандық аппараттық кеңес өтіп, бірқатар мәселелер қаралды.
Аппараттық кеңестің күн тәртібінде бірінші «Мәдениет саласында атқарылатын жоспарлы жұмыстар, саладағы өзекті мәселелер туралы» мәселе қаралды.
Аталған мәселеге байланысты аудан әкімдігінің мәдениет және тілдері дамыту бөлімінің басшысы С. Жақсыпейілова баяндама жасады.
Мәдениет саласы бойынша жалпы штат саны — 274. Оның ішінде: Бөлімде барлығы
7 адам жұмыс атқарады. Оның 3-і мемлекеттік қызметші, 4-і келісім шарт негізінде.
Аудандық мәдениет үйінде барлығы-159 қызметкер жұмыс жасайды. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде жұмыс атқаратын қызметкерлер саны –108, оның ішінде – 63 кітапхана қызметкері болса, әкімшілік қызметкер-6, шаруашылық қызметкерлері-39.
✅2023 жылдың 6 айында мәдениет саласы бойынша 1287 мәдени іс-шара, оның ішінде ауылдық жерде – 642 іс-шара өткізілген.
Сарысу ауданының 95 жылдығына орай «Саялы өлкем — Сарысуым!» атты мәдениет және өнер фестивалі бастау алды, сонымен қатар аудан күндері аясында Сарысу өңірінен шыққан бірқатар өнер майталмандары мен ақын жазушылардың мерейтойлары мен (Ықылас Дүкенұлына 180, Дулат Шалқарбаев-100, Пернебай Дүйсенбин-80, Рәтбек Сүлейменұлы-75, Төкен Махашев -100 жыл) бірқатар ауқымды жобалар кең көлемде өткізу жоспарлануда.
Балалардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында орталық саябақ, мәдениет үйінің жазғы сахнасында, мәдениет скверлерінде және ауылдық клуб үйлерінде әр түрлі форматта іс-шаралар өткізілуде.
Сонымен қатар, күн тәртібінде қаралған екінші мәселе «Жаңатас қаласында жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесі туралы» аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы А. Қырғызбаев баяндады. Ағымдағы жылдың 14-15 шілде күндері аралығында арнайы жадынамаға сәйкес 20 тармақ бойынша Жаңатас қаласына зерделеу жүргізілген. Хабарламашы атқарылған және атқарылуға тиісті жұмыстармен қатар, анықталған бірқатар кемшіліктерге тоқталды.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе «Жаңаарық ауылдық округін зерделеу барысында анықталған кемшіліктердің ретке келтірілуі» туралы Жаңаарық ауылдық округінің әкімі Қ. Алдабергенов айтып өтті. Хабарламашы ағымдағы жылдың 8 маусымы күні арнайы жадынамаға сәйкес Жаңаарық ауылдық округінде жүргізілген зерделеуге байланысты орын алған кемшіліктер бойынша атқарылған жұмыстарын баяндады.
Күн тәртібіндегі төртінші мәселе «Жеке қабылдауларда көтерілген мәселелердің талдауы» туралы аудан әкімі аппаратының кеңсе бөлімшесі басшысының міндетін атқарушы Н. Бапетов хабарлама жасады.
Жыл басынан бері аудан әкімі 13 қабылдау өткізген. Қабылдауға 71 азамат қатысқан. Жеке қабылдау барысында көтерілген негізгі мәселелер ішінде 17 азамат әлеуметтік сала бойынша, 5 азамат ауыл, жер шаруашылығы саласы бойынша, 45 азамат тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылығы сала және 4 азамат жеке мәселелері бойынша қабылдауда болған.
50 азаматтың мәселесі жеке қабылдау барысында түсіндірілген, 6 азаматтың мәселесі шешімін тапқан, 12 азаматтың мәселесі бойынша тиісті бөлім, мекеме басшыларына мәселені шешу туралы тапсырма берілген. Қазіргі таңда орындалу үсітнде. Сонымен қатар, 2 азаматтың мәселесі түпкілікті шешімі табылғанша бақылауға қойылған.
Аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы 6 айда 41 азаматты қабылдады. Қабылдау барысында 12 азаматтың мәселесі шешіліп, 29 азаматқа түсіндірілген. Бөлім басшылары айына 1 рет бекітілген кестеге сәйкес ауылға барып, жеке қабылдау өткізіп отырады.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Сәкен Үмбетұлы сала басшылары мен жауапты мамандарды тыңдап, анықталған бірқатар кемшіліктерді қалыпқа келтіруді тапсырды.
Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, тиісті тапсырмалар берілді.

✅Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.