Жамбыл облысының Қордай ауданы маңында болған жол апатына қатысты жаңа деректер анықталды. Құзырлы орган қызметкерлерінің айтуынша, автобус иесі 1993 жылы туған жүргізушінің үстінен арыз түсірген. Ол сол күні жүргізушіге автобусты айдауға рұқсат бермеген екен.
42 жолаушысы бар автобус Алға ауылының маңында апатқа ұшыраған. Бір адам қаза тауып, 6-ы ауруханаға әр-түрлі жарақатпен қайырылған. Қалғандары жедел медициналық көмек алып, үйлеріне қайтыпты. Қазір іс тергелуде. Жүргізуші қамауға алынған.
Қонай Қойшыманов – Жамбыл облысы ІІД Анықтау басқармасының бастығы, полиция полковнигі:
– Автобустың егесі жүргізушінің үстінен арыз түсіргендіктен тағы бір бап қосылды. Іс тергеліп жатыр.