«Антикор» аудандық жемқорлыққа қарсы комиссия отырысына қатысты

118

Жамбыл ауданында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Д.Омаровтың қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия отырысы өтті. Онда сыбайлас жемқорлық схемалары үшін негізді жоюға және парақорлық жағдайларды барынша азайтуға бағытталған шаралар талқыланды.
Комиссия отырысы барысында «Адалдыққа бір қадам» жобасы аясында ауданда бір аптада атқарылған жұмыстар нәтижесі қорытындыланды. 900-ден астам аудан тұрғыны қатысқан сауалнама қорытындысы бойынша тұрмыстық жемқорлық тәуекелдері жоғары ретінде денсаулық сақтау (217 респондент, 23,8%), білім (153 респондент, 16,8%), жұмыспен қамту және әлеуметтік қамтамасыз ету (101 респондент 11,1%) салалары көрсетілген.
Осыған сәйкес, аудан әкімі «Мансап» орталығының басшылығы мен аудандық аурухана басшылығының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бағытында атқарған жұмыстарының есебін тыңдап, тиісті тапсырмалар жүктеді.
Сонымен қатар, аудан әкімінің аппарат басшысы ауданда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталып өтіп, жоба аясында бір апта көлемінде атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Жоба аясында ауданда 15 іс-шара ұйымдастырылып, 200-ден астам адам қамтылған. Шалғай ауылдарға дейін ұйымдастырылған іс-шаралар арқылы 12-мыңнан астам аудан тұрғынына ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді.
Жиын соңында Д.Омаров тұрғындар арасында жиі сауалнама жүргізіп, халықпен тығыз жұмыс жасау керектігін жеткізді. Әлеуметтік салаға байланысты, аудандық полиция қызметімен бірлесіп, әлеуметтік қолдау және қайтарымсыз гранттар бөлу барысында кездесетін алаяқтыққа және үшінші тұлғалар тарапынан жасалатын заңсыз әрекеттерге тоқтау салу үшін тұрақты түрде зерделеу жұмыстарын жүргізіп, заң аясында тиісті шара қолдану бойынша ұсыныс берілді. Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласының мамандары кәсіби және сапалы қызмет көрсетуіне баса назар аудару қажеттілігі туралы айтылды.

«Антикор» принял участие в заседании районной комиссии по противодействию коррупции

В Жамбылском районе состоялось заседание комиссии с участием первого заместителя руководителя департамента агентства РК по противодействию по Жамбылской области Д.Омарова. На нем обсуждались меры, направленные на устранение оснований для коррупционных схем и минимизацию ботовой коррупции.
В ходе заседания комиссии были подведены итоги работы, проделанной за неделю в районе в рамках проекта «Адалдыққа бір қадам». По итогам проведенного опроса, в котором приняли участие более 900 жителей района, определены сферы, наиболее подверженные коррупции такие как сфера здравоохранения (217 респондентов, 23,8%), образования (153 респондента, 16,8%), занятости и социального обеспечения (101 респондент 11,1%).
В соответствии с этим аким района заслушал отчеты руководства центра «Мансап» и руководства районной больницы о проделанной работе по предотвращению коррупционных рисков и дал соответствующие поручения.
Кроме того, руководитель аппарата акима района остановился на проделанной работе по профилактике коррупции в районе и отчитался о проделанной работе в рамках проекта в течение недели. В рамках проекта было организовано 15 мероприятий, в которых приняли участие более 200 человек, по итогам которого информационный охват составил 12 тысяч жителей района.
В завершение встречи Д.Омаров отметил о необходимости проведения на постоянной основе опросы среди населения и тесно работать с народом. Также было предложено о проведении работ совместно с управлением районной полиции по предупреждению мошенничества и противоправных действий со стороны третьих лиц, встречающихся в ходе социальной поддержки и выделения безвозмездных грантов, даны рекомендации по принятию соответствующих мер в рамках закона. Кроме того, было отмечено о необходимости уделять особое внимание профессиональному и качественному оказанию услуг в сфере здравоохранения.

Leave A Reply

Your email address will not be published.