Мойынқұм аудыны Жамбыл ауылындағы Абай атындағы орта мектебінде ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай «Әнді сүйсең, менше сүй » атты әдістемелік бірлестіктер арасында байқау өтті. Байқаудың мақсаты — Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстырып, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдері мен әндерін және қара сөздерін мәнерлеп оқу арқылы Абайды тану. Байқаудың жоспары — Абай Құнанбаевтың әнді өлеңдері, қара сөздері, өлең жырлары мен Абай өмірінен драмалық көріністерден құралды. « Әнді сүйсең, менше сүй» ұстаздар арасында өтілген байқауға «Мәңгілік Ел» білім, тәрбие беру орталығынан, ауылдық окургтік әкімшіліктен, Жамбыл ауылдық кітапхана меңгерушісі тағы басқалар қонаққа шақырылды. Осы мекемеден келген қонақтарды және мектеп директорын әділқазы алқа мүшелері етіп сайлап мектебіміздегі әдістемелік бірлестіктердің білім берумен қатар, тағы да басқа шеберліктерін шыңдау және көру, бағалау арқылы алты әдістемелік бірлестіктердің байқауы бағаланды.
Абай әндерін тамаша орындаған «Білім негізі бастауышта» әдістемелік бірлестігі мүшесі Бақытгул Рысалдиева «Желсіз түнде жарық-ай» әнімен, «Өнер алды- қызыл тіл» әдістемелік бірлестік мүшесі Саулеш Дүйсеметова «Өзгеге, көңілім тоярсың» әнін ерекше орындап шықты. Абайдың қара сөздерін образға кіріп оқыған математика пәні мұғалімі Назгул Ниетбаева, орыс тілі пәні мұғалімі Әсемкүл Ақылбекова, тарих пәні мұғалімі Рысжан Сүлейменова тағлымы мол сөздерді насихаттап, жатқа мәнерлеп оқыды. Абайдың өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқуда қазақ тілі пәні мұғалімі Гүлдана Эшанкулова, химия пәні мұғалімі Талғат Ерімбетов, ағылшын тілі пәні мұғалімі Камшат Байжанысова, бастауыш сынып мұғалімі Ақмарал Тілепалдиева, дене шынықтыру пәні мұғалімі Арайлым Бекмағанбетовалар марапатқа ие болды.
Драмалық қойылым бөлімінде «Өнер алды- қызыл тіл» әдістемелік бірлестігі «Құнанбайдың түсі» қойылымы арқылы қазақтың салт-дәстүрін насихаттаса, «Словестник» әдістемелік бірлестігі Абайдың ұзақ сапардан оралуы арқылы қазақ дәстүрінде сәлемдесудің де ерекшелігін көрсете алды. «Жаратылыстану» әдістемелік бірлестігінде Талғат Ерімбетов Абайдың ақындық өмірінен көрініс көрсетсе, «Нақты ғылым» әдістемелік бірлестігі Камшаттың тағдырын керемет сомдады, «Өнерлі өрге жүзер» әдістемелік бірлестігі Абай мен Құнанбайдың арасындағы қақтығысты көрсете отырып, Құнанбайдай әке болмаса Абайдай дана бала қайдан болсын деп түйіндеді. «Білім негізі бастауышта» әдістемелік бірлестігінің мүшесі Г. Бердіғұлова Зере әженің рөлін керемет сомдады.
Қосымша білім беру педогогының ұйымдастыруымен өткізілген байқауға бірлестік мүшелері бір кісідей ат салысып, ерекше көзге түскен әдістемелік бірлестіктер мен бірлестік мүшелері марапаттар мен номинацияларға ие болды.
Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Абай атындағы орта мектебінде «Әнді сүйсең, менше сүй » атты әдістемелік бірлестіктер арасында өткізілген байқау өз деңгейінде өткізіліп, көрермендердің ризашылығын алды.