Ән айтып, еміне ақша жинаған қыз көпті тәнті етті (ВИДЕО)

106

Алматыдағы «Алтын орда» базарында 17 жастағы Ақерке Сүлейман ән айтып, өзінің еміне қаражат жинап жүр. Ол соңғы екі айда отаға қажетті қаражаттың жартысын тапқан деп жазады turkystan.kz Азаттық радиосына сілтеме жасап.

«Мақпал апам сияқты әнші болғым келеді. Сахнаға шығып, аяққа тұрып, ән айтқым келеді. Сол арманым», – дейді Ақерке.

Ол Алматы облысы Қарғалы ауданында тұрады. Оған бекітілген жұлын синдром диагнозы қойылған. Ақеркенің анасы «қызым дәрігердің біліксіздігінен мүгедек болды» дейді. Ол қызын Түркияда емдеткісі келеді, ота 15 млн теңге тұрады.

Ақеркеге көмектесемін деген оқырмандар үшін төменде реквизиттер көрсетілген.

kaspi: 87079623465 Акерке С.
4400 4301 3671 7508

https://turkystan.kz/article/213209-en-aytyp-emine-aksha-zhinagan-kyz-kopti-tenti-etti-video/

Leave A Reply

Your email address will not be published.