Жамбыл облысы әкімдігінің Дін істері басқармасында Жамбыл облысы әкімдігінің Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында діни бірлестіктер мүшелерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара Жамбыл облысы әкімдігінің Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының қолдауымен, «Адал қоғам» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық қағидаттарын нығайту, құқықтық мәдениетті арттыру және азаматтық жауапкершілікті дамыту мәселелері талқыланды.
Іс-шарада спикер ретінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің маманы Ернар Нұрболұлы және «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының жетекшісі Назима Дәрменқызы баяндама жасап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, адалдық қағидаттарын қоғамда кеңінен насихаттау және әр азаматтың құқықтық жауапкершілігін арттырудың маңыздылығына тоқталды.
Кездесу барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Осындай іс-шаралар қоғамда адалдық пен әділдік құндылықтарын нығайтуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.