Оқу-ағарту министрлігінің ұжымы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы сенбілікке қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған экологиялық мәдениет пен қоршаған ортаға жауапкершілік қағидаттары аясында елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жүзеге асырылуда.
Бүгін акция аясында министрлік ұжымы және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері сенбілікке қатысты.
Сенбілік барысында қатысушылар аумақтарды тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, тазалық пен тәртіпті сақтауға өз үлестерін қосты.
«Таза Қазақстан» — тек аумақтарды абаттандыру ғана емес. Бұл ең алдымен жауапкершілік мәдениеті, елге деген жанашырлық және еңбекке құрмет. Бұл құндылықтардың өскелең ұрпақ тәрбиесінде маңызы ерекше.
Табиғатқа ұқыпты қарау, жасампаз еңбек және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының маңызды бөлігі саналады. Бұл құндылықтарды бала кезден қалыптастыру экологиялық мәдениет пен жауапты азаматтық ұстанымның негізін қалайды.
Comments (0)
Add Comment