Қазақстан құрамасына бірге жанкүйер болайық!

2026 жылғы 22–27 қыркүйек аралығында Қытайдың Шанхай қаласында әлемнің үздік жас мамандары бас қосатын WorldSkills Shanghai 2026 халықаралық кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді.
Бұл чемпионат — жастардың кәсіби білімі мен практикалық дағдыларын халықаралық деңгейде танытып, тәжірибе алмасуына мүмкіндік беретін маңызды алаң. Байрақты бәсекеде қатысушылар заманауи өндіріс, ақпараттық технологиялар, құрылыс, қызмет көрсету және басқа да салалар бойынша өз шеберліктерін көрсетеді.
Қазақстан құрамасы атынан 33 студент 31 құзыреттілік бойынша сынға түсіп, еліміздің намысын қорғайды. Әр қатысушының артында айлар бойғы дайындық, тынымсыз еңбек, кәсіби ізденіс, ұстаздар мен сарапшылардың қолдауы және жеңіске деген зор жігер тұр.
Чемпионат бағдарламасы:
22 қыркүйек — салтанатты ашылу рәсімі;
23–26 қыркүйек — негізгі жарыс күндері;
27 қыркүйек — чемпионаттың жабылу және жеңімпаздарды марапаттау салтанаты.
Қазақстандық жас мамандардың халықаралық аренадағы әрбір жетістігі — еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің беделі мен сапасының көрсеткіші. Олардың білімі, шеберлігі мен табандылығы Қазақстанның кәсіби әлеуетін әлемге танытады.
Жас мамандарымызға сенім білдіріп, олардың жеңіске деген жігерін бірге қолдайық! Қазақстан құрамасына сәттілік, жоғары нәтиже және жарқын жеңістер тілейміз!
Біз сіздерге сенеміз! Қазақстан, алға!
Comments (0)
Add Comment