“Жас сақшы” сыныбының ата-аналар жиналысы өтті

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №67 мекемесі бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары әділет майоры Еркебулан Бақытжанұлы “Жас сақшы” сыныбынның ата-аналарымен жиналысы ұйымдастырылып, оқушылардың оқу-тәрбие үдерісіндегі жетістіктері мен алдағы жоспарлар талқыланды. Жиналыстың басты мақсаты – ата-аналар мен байланысты нығайту, сондай-ақ оқушыларға беріліп жатқан әскери-патриоттық тәрбиенің маңызын түсіндіру болды.
Жиналыс барысында сынып Еркебұлан Бақытжанұлы “Жас сақшы” сыныбының бағытының негізгі міндеттері мен ерекшеліктеріне тоқталды. Бұл сыныптағы білім беру тек оқу бағдарламасымен шектелмей, оқушыларды тәртіпке, жауапкершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталғаны атап өтілді. Сонымен қатар, оқушылардың оқу үлгерімі, тәртібі және қоғамдық іс-шараларға қатысу белсенділігі туралы мәліметтер берілді.
Ата-аналарға әскери-патриоттық тәрбиенің бүгінгі қоғамдағы рөлі түсіндіріліп, балалардың бойында елге деген құрмет пен жауапкершілік сезімін қалыптастырудың маңызы ерекше екені айтылды. Осы бағытта мектеп пен ата-аналардың бірлесе жұмыс істеуі қажеттігі назарға алынды.
Жиналыс соңында алдағы жоспарланған іс-шаралар таныстырылып, ата-аналар өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Ашық пікір алмасу нәтижесінде бірқатар маңызды ұсыныстар қабылданып, оларды жүзеге асыру жолдары қарастырылды.
Қорытындылай келе, мұндай кездесулер ата-аналар арасындағы өзара түсіністік пен сенімді арттырып, оқушылардың жан-жақты дамуына оң ықпал ететіні анық.

Comments (0)
Add Comment