Түзеу мекемесіндегі тренинг: психологиялық қолдау тұрақты көрсетіледі

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментне қарасты✓25 РМ мекемесінде профилактикалық есепте тұрған сотталған азаматтармен «өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу » және олардың эмоционалдық көңіл-күйін тұрақтандыру мақсатында , М.Х.Дулати атындағы Тараз университетімен жасалған меморандум аясында бірлескен жұмыс жоспарына сай, психологиялық қолдау және өмірге деген құлшынысын мақсатында арнайы тренинг ұйымдастырылды. Іс-шараға Тараз университетінің Әлеуметтік психология кафедрасының магистр аға оқытушысы, практик-психолог А.К.Дауренбекованы шақырта отырып, мекеме психологтарымен бірлесе, сотталған азаматтарға, эмоционалдық жағдайын жақсартуға және ішкі ресурстарын дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізілді.
Тренинг барысында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, өмірлік қиындықтарды еңсеру жолдары, күйзеліспен күресу, өзін-өзі қабылдау және болашаққа сенім қалыптастыру тақырыптарында тәжірибелік жаттығулар орындады. Сонымен қатар, тұлғалық даму мен мотивацияны арттыруға арналған әдістер қолданылды.
Шараның негізгі мақсаты – сотталған азаматтардың психологиялық тұрақтылығын нығайту, олардың қоғамға қайта бейімделуіне ықпал ету және өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыру болып табылады.

Comments (0)
Add Comment