Мемлекеттік тіл – азаматтардың сотқа қолжетімділігінің кепілі

Мемлекеттік тіл – елдің құқықтық жүйесінде ерекше орын алатын маңызды құрал. Ол тек қарым-қатынас тілі ғана емес, сонымен қатаразаматтардың өз құқықтарын толық әрі тиімдіжүзеге асыруының кепілі болып табылады. Әсіресесот жүйесінде мемлекеттік тілдің рөлі айрықша.

Сотқа жүгінген әрбір азамат өзінің ойын, талабын, уәжін еркін әрі түсінікті түрде жеткізеалуы тиіс. Егер сот процесі азаматқа түсініксізтілде жүргізілсе, бұл оның құқықтарыныңшектелуіне әкелуі мүмкін. Сондықтан мемлекеттіктілде сот ісін жүргізуәділ сот төрелігінің негізгіқағидаттарының бірі.

Қазақстанда мемлекеттік тілқазақ тілі. Осыған байланысты сот органдарында іс жүргізумемлекеттік тілде жүзеге асырылуы тиіс. Бұл талапзаңнамамен бекітілген және азаматтардың теңқұқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, қажет болған жағдайда басқатілдерді пайдалану мүмкіндігі де қарастырылған, алайда негізгі басымдық мемлекеттік тілге беріледі.

Мемлекеттік тілдің сот жүйесінде кеңіненқолданылуы бірқатар маңызды артықшылықтарғаие. Біріншіден, бұл азаматтардың сотқа дегенсенімін арттырады. Екіншіден, құқықтықақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Үшіншіден, құқықтық мәдениетті қалыптастыруғаықпал етеді.

Тәжірибеде мемлекеттік тілдің қолданылудеңгейі әрдайым жоғары емес. Кейбір жағдайлардақұжаттар мен сот процестері басқа тілде жүргізіліпжатады. Бұл мәселені шешу үшін сот қызметкерлерінің тілдік біліктілігін арттыру, құжатайналымын толықтай мемлекеттік тілге көшіружәне тіл саясатын жүйелі түрде жүзеге асыруқажет.

Мемлекеттік тілазаматтардың сотқақолжетімділігін қамтамасыз ететін маңыздыфактор. Оны дамыту мен нығайтуәділ сот жүйесін қалыптастырудың ажырамас бөлігі.

Жамбыл облысы маманданадырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Р.Д.Курбанов

 

Comments (0)
Add Comment