Заң мен тәртіп — дамудың және әділеттіліктің кепілі!

Тараз қаласындағы «Бақытты балалық шақ» оқушылар сарайының ұжымымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және адалдық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған кездесу өтті.
Іс-шара Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы жүзеге асырып отырған «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы аясында және техникалық ерекшелік талаптарына сәйкес ұйымдастырылды.


Кездесудің мақсаты – қосымша білім беру ұйымы қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, адалдық қағидаттарын насихаттау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.
Іс-шараға орталық ұжымы қатысып, кәсіби қызметтегі ашықтық, әділдік және жауапкершілік мәселелері талқыланды. Жиынның спикері – «Әділдік жолы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының жетекшісі Назима Жұбандықова болды.
Спикер өз сөзінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – әр азаматтың азаматтық ұстанымына байланысты екенін атап өтіп, адалдық құндылықтарын күнделікті өмірде және қызмет барысында сақтау қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында ашықтықты қамтамасыз ету, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және заң талаптарын орындау мәселелеріне ерекше тоқталды.
Кездесу барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алды. Ашық диалог форматындағы жиын қатысушылардың белсенділігін арттырды.
Іс-шара қорытындысында адалдық пен әділдік қағидаттарын ұстану – сапалы тәрбие мен білім берудің негізі екені атап өтілді. Аталған дәріс «Адал қоғам» ҚБ ұйымдастыруымен өтті.

Comments (0)
Add Comment