Елімізде салынатын екінші атом электр стансасына Мойынқұм атауы берілмек. Бұл туралы Атом энергетикасы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.
Оның айтуынша, екінші АЭС Балқаш маңында орналасады. Қазіргі уақытта үш ықтимал алаң зерттеліп жатыр, түпкілікті шешім алдағы уақытта жарияланады.