ТҮРКІСТАН ӨРЕНІ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Түркия елінің Ыстамбұл қаласында қол күрестен Шығыс пен Батыс спортшылары арасындағы East vs West 11 жекпе-жек сайысы өз мәресіне жетті.
Аталған сайыста Қазақ елінің намысын қорғаған Нұрдаулет Айдархан әлем чемпионы Грузия елінің спортшысы Вала Ичкитиге қарсы 3-1 есебімен жеңіске жетіп еліміздің абыройын асқақтатты.
Түркістан облысы, Шардара ауданының сайыпқыраны әлемде мықты екенін дәлелдей білді.

 

Túrkistan oblysynyń ákimdigi

 

Comments (0)
Add Comment