Жуырда Тараз қаласындағы «Тараз — Арена» спорт кешенінде 23 маусым — Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған спартакиададан жарыс өткізілген болатын. Аталмыш сайысқа ауданымыздан аудан әкімі аппаратының басшысы Құдайберген Рысдәулет бастаған команда қатысып бақтарын сынады. Жарысқа қатысушылар спорттың футзал, волейбол, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, жүзу, шахмат, қазақ күресі, киберспорт және баскетбол түрлерінен өзара кіл мықтыны анықтады.
Сонымен қатар, қазақ күресінен 100 + келі салмақ бойынша аудан әкімі аппаратының инспекторы Олжас Бейсен, 100 келі салмақта Жайылма ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Шерхан Бейсенбайұлы және 80 келі салмақта Жаңатас қаласы әкімі аппаратының бас маманы Бапетов Нұрсәулет, тоғызқұмалақ сайысынан аудандық білім бөлімінің бас маманы Жеңіс Мұсаахметов, үстел теннисінен Жаңаарық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Айбек Жұмадулла алтын медальді иеленіп, аудан абыройын көкке көтерді.
Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан медаль, диплом және қаржылай сыйлықтар тапсырылды.