2026 жылғы 8 маусымда Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №67 мекемесінде жазғы спартакиада жоспарына сәйкес сотталғандар арасында үстел теннисінен финалдық жарыстар өткізілді.
Жарыс барысында қатысушылар өздерінің спорттық шеберліктерін, ептіліктері мен жеңіске деген құлшыныстарын көрсетті. Финалдық кездесулер тартысты өтіп, әрбір ойыншы жоғары нәтиже көрсетуге ұмтылды.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, жүлделі орын иегерлері белгіленді. Үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар мекеме әкімшілігі тарапынан марапатталды.
Аталған іс-шара сотталғандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға және дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталды.