ҚАЖ мекемелерінің аумағында бірнеше рет ескертулерге және тыйым салынған заттарды алып қою мысалдарына қарамастан,«курьерлер» кейде кезекті «тыйым салынған затты» алып өткізуге тырысқанда түрлі айла-әрекетиерге барады. Осындай жағдай Тараз қаласы түзеумекемесінің аумағында орын алды, автокөлік жүргізушісі ірі көлемдегі рұқсат етілмеген ұялы байланыс құралдырын өткізуге тырысқан.
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің төтенше қауіпсіз ЖД-158/7 мекемесінің қызметкерлері жедел ақпарат бойынша 85 ұялы телефон, 11 сим-карта, 18 жұп құлаққап, 21 қуаттау құрылғысы мен 2 USB-адаптерді өткізуге тырысқан адамның әрекетінің жолын кесті.
Тыйым салынған заттарды беру фактісі тіркеліп, тергеу шаралары жүргізілуде.
«Ағымдағы жылдың өзінде мекеме қызметкерлері 300-ге жуық ұялы телефон, бір килограмнан астам есірткі заттарын, 3 литр спирттік ішімдіктерді және 19 бірлік тескіш-кескіш заттарды тәркіледі», — деп қорытындылады ҚАЖД бастығының орынбасары.
Тыйым салынған заттарды пенитенциарлық мекемелердің аумағына кіргізгені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД