№67 мекемесінде тәрбие жұмысы бөлімінің қызметкерлері сотталғандар арасында Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстеріне енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында әзірленген заңның негізгі нормалары түсіндірілді. Атап айтқанда, сотталғандардың құқыққа сай мінез-құлқын ынталандыруға бағытталған бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқарту (УСС) тәртібі, оны қолдану шарттары мен ерекшеліктері егжей-тегжейлі баяндалды.
Сонымен қатар, жас балалары бар сотталған әйелдерге және жас баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған сотталған ер адамдарға көзделген жеңілдіктер, олардың құқықтары мен заңнамада қарастырылған әлеуметтік кепілдіктер туралы ақпарат берілді.
Іс-шара барысында сотталғандардың сұрақтарына заң талаптарына сәйкес жауаптар беріліп, оларды ішкі тәртіп талаптарын қатаң сақтауға, құқыққа сай мінез-құлық танытуға және түзелуге бағытталған ынталандыру шараларын тиімді пайдалануға шақыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.