Отан қорғаушылар күніне орай голболдан турнир өтті

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы мен Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесімен бірлесе «Инклюзивті Ассамблея» жобасы аясында көру қабілеті зақымданған азаматтарға 7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушы күніне орай Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының жекпе-жек спорт клубында  Жамбыл облыстық «Қазақ зағиптар қоғамының» мүшелері мен №2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернаты оқушылары арасында голболдан турнир өтті.

Жарыстың ашылу салтанатында Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының басшысы Н. Жолдасбеков, «Қоғамдық келісім» мекемесі басшысының орынбасары Д. Тейлеев, Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының директоры Ж. Алшинбаева  қатысушыларға жылы лебіздердерін білдіріп, сәттілік тіледі.

Турнир қорытындысында ұйымдастырушылар Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының жекпе-жек спорт клубы І дәрежелі дипломмен, «Қазақ зағиптар қоғамы» мүшелері ІІ дәрежелі дипломмен №2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернаты оқушылары ІІІ дәрежелі дипломмен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.

Comments (0)
Add Comment