2026 жылғы 2 шілде күні Жуалы ауданында тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және өзекті мәселелерін шешуге жәрдемдесу мақсатында мобильді қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды.
Қабылдау барысында аудан тұрғындары алимент өндіру, атқарушылық іс жүргізу, құжаттарды рәсімдеу, мемлекеттік қызметтерді алу, еңбек және әлеуметтік мәселелер, сондай-ақ өзге де құқықтық сұрақтар бойынша өтініштерін білдіріп, білікті мамандардан жан-жақты кеңес алды.
Мұндай мобильді қоғамдық қабылдаулар азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, тұрғындар мен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайтуға және мәселелерді жергілікті жерде тиімді шешуге мүмкіндік береді.
Халықпен ашық әрі тиімді диалог орнатуға бағытталған бұл бастама алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
#АдалҚоғам #Қоғамдық