Ұлттық домбыра күні мен Астана күні мерекесіне орай ауданымызда бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Мерекелік бағдарлама аясында тұрғындар әртүрлі спорт түрлерінен сынға түсіп, өзара бақ сынасты. Атап айтқанда, қол күресі, арқан тарту, асық ату, тоғызқұмалақ және басқа да ұлттық әрі бұқаралық спорт түрлерінен жарыстар өткізілді.
Жарыстарға аудан тұрғындары, жастар мен ауылдық округтердің спортшылары белсенді қатысып, өз өнерлері мен шеберліктерін көрсетті. Спорттық сайыстар достық пен татулықтың, ұйымшылдықтың үлгісіне айналып, қатысушыларға ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.