Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Айжан Есмағамбетова мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек Талас аудандық орталық ауруханасы нысанындағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысына талдау жасады.
Жоба аясында аурухананың 200 төсек-орындық ғимаратына қайта жаңғырту және қосымша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 2 348,5 млн теңге және жергілікті облыстық бюджеттен 260,9 млн теңге бөлінген. Жобаны жүзеге асырып жатқан мердігер ұйым — Тараз Құрылыс Дизайн.
Бүгінгі таңда нысанның 4 блогы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталған. Қазіргі уақытта аурухананың негізгі корпусында күрделі жөндеу және абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Жалпы орындалу деңгейі 80%-ға жеткен.
Нысанды толық пайдалануға беру 2026 жылғы 1 қарашаға жоспарланған.
Жұмыс барысымен жіті танысқан Айжан Серікбайқызы жауапты сала басшылары мен мердігер ұйым өкілдеріне құрылыс сапасын қатаң бақылауда ұстап, жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтауды тапсырды.